Саясатты белсендіру

Таңдалған топқа арналған саясатты белсенді ету үшін:

  1. Саясаттар қойыншасындағы топтың жұмыс аймағында белсенді ету қажет саясатты таңдаңыз.
  2. Саясатты белсендіру үшін келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
    • Саясаттың мәнмәтіндік мәзірінде Белсенді саясат тармағын таңдаңыз.
    • Саясат сипаттары терезесінде Жалпы бөлімін ашып, Саясаттың күйі параметрлер блогында Белсенді саясат нұсқасын таңдаңыз.

Нәтижесінде, саясат таңдалған басқару тобы үшін белсенді болады.

Клиент құрылғыларының көп санына саясатты қолданған кезде Басқару серверіне түсетін жүктеме және желілік трафик көлемі біраз уақытқа айтарлықтай артады.

Басына оралу